Отырар ауданы, “Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің кәсіби бағдар беруші педагогі Асылбек Нұрсәуленің жылдық жоспарына сәйкес, 23 -сәуір күні 9-10 сынып оқушыларымен Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетіне және Түркістан педагогикалық колледжіне танымдық саяхат жасады.
Сапардың мақсаты — оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытылатын мамандықтар мен бағыттар туралы жан-жақты мәлімет ұсыну.
Оқушылар оқу орындарымен жақынырақ танысып, болашаққа деген сенімдері артып, үлкен әсермен, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.