Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

12.02.2026ж. Гүлзат пен Кизбаева Жансаяның ұйымдастыруымен 6-сынып оқушылары арасында қазақ поэзиясының мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған тағылымды іс-шара өткізілді.

Түркістан облысы, Отырар ауданы

Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де мектеп кітапханашылары Ыдырыс Гүлзат пен Кизбаева Жансаяның ұйымдастыруымен 6-сынып оқушылары арасында қазақ поэзиясының мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған тағылымды іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмір жолымен танысып, жүрек тебірентер жырларын мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар ақын шығармашылығына арналған сұрақ-жауап, әдеби талдау жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығы артты.

Шараның мақсаты – жас ұрпаққа Мұқағали мұрасын насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Пайдалы ресурстар