Ашық сабақ – тәжірибе мен жаңашылдықтың көрінісі.
Математика, информатика және физика пәндерінің айлық іс-шарасының жоспарына сәйкес информатика пәні мұғалімі Өтамалиева Жанна 3 «Ә» сыныбында «Компьютерде және құжатта ақпаратты іздеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі заманауи әдіс-тәсілдер қолданылып, жасанды интеллект элементтері тиімді пайдаланылды. Оқушылар ақпаратты іздеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытып, белсенді жұмыс жасады.
Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға үлкен үлес қосты. Ұстаздың шығармашылығы мен кәсіби шеберлігі айқын көрінді.
Әріптесімізге шығармашылық табыс, еңбегіне толағай табыстар тілейміз!
