Мектебімізде өтіп жатқан математика, физика және информатика пәндерінің айлығы аясында информатика пәнінің мұғалімі Сыздыкова Нұргүл 3 «Ә» сынып оқушыларымен бірге «Компьютерде және құжатта ақпаратты іздеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Бұл сабақ дәстүрлі форматтан өзгешелігімен және заманауилығымен ерекшеленді. Нұргүл әріптесіміз сабақ барысында ең озық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға баса назар аударды. Әсіресе, сабаққа Жасанды Интеллект (ЖИ) элементтерін енгізуі бүлдіршіндердің ерекше қызығушылығын тудырды. Оқушылар ақпаратты іздеудің тиімді жолдарын меңгеріп, технологияның көмегімен тапсырмаларды шапшаң орындауды үйренді.
Сабақ жоғары деңгейде өтіп, әріптестеріміз тарапынан жақсы баға алды. Шығармашылық ізденіс пен жаңашылдықты серік еткен Нұргүл ұстазымызға толағай табыстар тілейміз! Болашақтың білімді ұрпағын тәрбиелеудегі еңбегіңіз жана берсін!
