Түркістан облысы, Отырар ауданы «Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, облыстық білім басқармасының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №25/109 хатына сәйкес, Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында 2024-2025 жылдарға арналған Түркістан облысында іске асырылатын Жол картасындағы №108 тармақ, яғни мектептің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда педагогтердің құзіреттілігін арттыру мен мемлекеттік тілде білім беруді қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың қаңтар айы «Ұлттық фильм» айлығын барлық білім беру ұйымдарында дәстүрлі түрде ұйымдастыру мақсатында мектебіміздің мұғалімдеріне «Ұстаз» фильмі көрсетіліп, олардың жұмысына жаңа шабыт берді.
Бұл туынды ұстаздықтың қадірін ұғындырып, ұстаздық жолдағы қиындықтар мен ізгі мақсаттарды терең түсінуге мүмкіндік берді. Ұстаздардың фильмнен алған әсері ерекше болды!
Бұл фильм ұстаздық қызметтің маңыздылығын айшықтап, білім жолында адалдық пен қажырлы еңбектің үлгісін көрсетті.
«Ұстаз» фильмі білім саласының маңызын, ұстаздық жолдағы асыл құндылықтарды қайтадан терең сезінуге мүмкіндік берді.