Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

02.09.2025ж "Менің отаным-Қазақстан" тақырыбында жалпы мектеп сыныптары арасында "Біріңғай сынып сағаты" ұйымдастырылып өткізілді.

02.09.2025ж

Түркістан облысы Отырар ауданы. "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММ-де 2025ж 2-қыркүйек күні "Менің отаным-Қазақстан" тақырыбында жалпы мектеп сыныптары арасында "Біріңғай сынып сағаты" ұйымдастырылып өткізілді. Сынып сағатында әр сынып өз ерекшелігімен "Адал азамат" біртұтас тәрбие беру мақсатында балаларға ел жетістігін және бейбітшілік жайында сөз ете отырып,осы бейбітшілік пен тәуелсіздікті сақтау жемісі салауатты өмір мен сауатты білім болатыны атап айтылды. "Адал азамат" біртұтас тәрбие беруде балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, рухани адамгершілік қасиеттерді.азаматтық жауапкершілікпен,патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты дамыту арқылы қазақстандық мәдениеттің құндылықтарын және білім алушының үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Показать перевод

Пайдалы ресурстар