Отырар ауданы “Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де Бастауыш 1сынып оқушылары арасында "Мен және Отбасым ұлттық салт-дәстүрмен" тақырыбында ұлттық сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Сайысқа қатысушы Әжелер мен аналар өз немерелері мен және ұл қыздарымен бірлесе отырып, ұлттық рух пен қазақи ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрдің айқын көрінісін көрсете білді. Сайыс барысында ұлттық спорт “Асық ату” Арқан тарту, Бесікке салу, Қолға су құю дәстүрлерін көрсетіп, түсіндірілді. “Асық ату” ойынын ұлдарымызға ойнатып, оларға бұл ойынның маңыздылығы мен ережелерін түсіндірді. Оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысып, мергендіктерін сынады. "Арқан тарту" оыйны арқылы күш сынасып ептіліктерін көрсетті. Дәстүрлі ойын "Бесікке салу"арқылы балалардың тазалыққа ұқыптылыққа тәрбиеленетіні түсіндірілді. "Қолға су құю" қазір қолданыстан қалып бара жатқан дәстүрдің біріне жатқызуға болады. ептілігі мен көз мергендігі , қабілеттіліктерін шыңдап, ұлттық мұрамызды дәріптеуге деген құлшыныстары артты.
Жаңалықтар
