Отырар ауданы, "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2025 жылдың 21-сәуір күні бастауыш сынып жетекшісі Жарасбаева Айнакүл өз сыныбына "Ұлы жеңіс жасасын!" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сыныптың патриоттық сезімін асқақтатып адамгершілік пен сыйластықты қамти отырып үш бөлімді тәрбие сағатын өткізді. Бірінші бөлімі "Менің Отамымның бейбітшілік мекенім "-деп аталып,онда Ұлы Отан соғысының майдангерлеріне арналған тақпақтар мен ән шашу орындалды. Екінші бөлімде көрініс көрсете отырып, сұрақтарға жауаптар алып, балаларға адамгершілік пен сыйластықты, отан сүйгіштікке баули білді. Үшінші бөлімде тақырыптан ауытқымай балаларға бейбітөмір негізінде өз өнерлерін. Ән би арқылы көрсетіп , ата аналарына түрлі сұрақтар қойып, орталап билеп бейбіт өмірді тойлаумен аяқтады. Балалар қан майданның қиындығы мен бейбітшіліктің қасиеті мен қадірін түсіне білді.
Жаңалықтар
