Түркістан облысы, Отырар ауданы «Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, облыстық білім басқармасының 2025 жылғы 10 қаңтардағы №25/109 хатына сәйкес, 2025 жылдың қаңтар айы "Ұлттық фильм" айлығын білім беру ұйымдарында дәстүрлі түрде ұйымдастыру мақсатында 24.01.2025ж мектебіміздің 3-сынып оқушылары үшін қазақтың ұлы тұлғасы Құнанбай туралы тарихи «Құнанбай» фильмі көрсетілсе, 4-сынып оқушыларына халқымыздың батырлық рухын бейнелейтін «Жаужүрек мың бала» фильмі ұсынылды.
Бұл шараның мақсаты – оқушыларды ұлттық тарихымызбен таныстырып, олардың бойына отансүйгіштік пен рухани құндылықтарды дарыту. Балалар фильмдерді қызыға тамашалап, тарихи оқиғалар мен батырлар өмірінен үлкен әсер алды.