Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

30.10.2025ж. ұңғышбай Ай-әлем Абзалқызы Облыста өткен “Халықаралық Абай оқулары” байқауының “БАС ЖҮЛДЕ” иегері атанып, Алматы қаласына жолдама алды.

Түркістан облысы Отырар ауданына қарасты "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммумналдық мемлекеттік мекемесінің

мақтанышының біріне айналған,көркемсөз шебері, дарынды да талантты жас өнерпаз 4сынып оқушымыз Тұңғышбай Ай-әлем Абзалқызы Облыста өткен “Халықаралық Абай оқулары” байқауының “БАС ЖҮЛДЕ” иегері атанып, Алматы қаласына жолдама алды. Бұл байқауда Абай Құнанбайұлының “Өлең -сөздің патшасы сөз сарасы” өлеңін жатқа, мәнерлеп ,өз нақышында айтып беріп көпшілік ықыласына бөлене білді. Талапты да талантты оқушымыздың өнер саласындағы жетекшісі Смайыл Ұлбике Төленқызына ыстық ықыласпен алғысымызды білдіріп, оқушымыз Тұңғышбай Ай-әлем Абзалқызына алдағы асулардан сүрінбей өтіп, Алматы қаласында өтетін “Абай оқулары” байқауында елдің ықыласына бөлене отырып, жүлделі жетістікпен оралуына сәттілік тілейміз!

Пайдалы ресурстар