Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

29.01.2026ж. BILIMDI OQÝSHY – білімді ұрпақтың жарқын алаңы!

BILIMDI OQÝSHY – білімді ұрпақтың жарқын алаңы! ✨📚

Отырар ауданы Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде

«Брендтік бейне – бірегей мектеп» жобасы аясында

жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған

«BILIMDI OQÝSHY» зияткерлік олимпиадасы жоғары деңгейде өтті.

🔎 Олимпиада барысында

5-сынып оқушылары математика, информатика, тарих және жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін сынап,

логикалық ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін және ғылыми танымын көрсетті.

🤝 Білім додасына

Ш. Уәлиханов, С. Мұқанов, Ғ. Мұратбаев мектептерінің

білімді де талапты оқушылары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

🎯 «BILIMDI OQÝSHY» – бұл жай ғана сайыс емес,

білімге құштарлықты, табандылық пен зияткерлікті қалыптастыратын маңызды алаң.

🏆 Жеңімпаздар

І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен,

арнайы номинациялар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Барлық қатысушыларға сәттілік,

ал жеңімпаздарға жарқын жетістіктер тілейміз!

✨ Білімді ұрпақ – ел ертеңі! ✨

Пайдалы ресурстар