Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

28.10.2025ж. Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің символы!

🇰🇿 Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің символы! 🎉

Отырар ауданы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де 24.10.25ж "25 қазан – Республика күніне" арналған мерекелік іс-шара деңгейде өтті.

Мерекелік жиында оқушылар елімізге деген сүйіспеншілігін жүрек жарды жырлармен, әсерлі қойылымдармен, күмбірлеген күй мен әсем әндер арқылы паш етті. 🎶✨

Іс-шара барысында мектеп президенті мен фракция мүшелерін ұлықтау рәсімі өткізіліп, жас көшбасшылар ресми түрде таныстырылды. Бұл – оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды сәт болды. 🌟

Сонымен қатар, мерекеге орай республикалық “Everest” баспасынан мектебіміздің спортта жетістікке жеткен оқушыларына «Жыл үздігі» төсбелгісі, олардың ата-аналарына мақтау қағаздары, ал мектеп директорының атына алғыс хат табысталды. 🏅👏

🎈 Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегіне қуаныш сыйлайтын ұлық мереке!

Бірлігіміз жарасқан, Тәуелсіз еліміздің туы мәңгі желбірей берсін! 💙

Пайдалы ресурстар