Отырар ауданы "Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 23 қаңтар күні «Дебат» үйірмесінің жетекшісі Сұлтан Нұрайдың ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектепішілік дебат сайысы өтті.
Дебат барысында оқушылар *«Бұл палата мектеп формасын сақтамаған оқушыға шара қолдану дұрыс деп есептейді»* деген қарар аясында өз көзқарастарын қорғап, дәлелді пікір білдірді.
Дебат сайысы оқушылардың сыни ойлауын, шешендік қабілетін, тәртіп пен жауапкершілік туралы түсінігін арттыруға бағытталды.
Қатысушылар белсенділік танытып, пікірталас мәдениетін сақтай білді.
«Smart Debaters», «Болашақ», «Ақиқат» фракциялары өз тапқырлығы мен шешендік өнерін көрсетті. Сайыс екі кезеңнен тұрды.
Сайысқа қатысқан 6–7 сынып оқушылары арасында:
«Smart Debaters» фракциясы — I орын,
«Болашақ» фракциясы — II орын,
«Ақиқат» фракциясы — III орын иеленді.
Мектепішілік дебат сайысына қатысқан фракциялар I, II, III орындармен марапатталды.
