Отырар ауданы "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 22.11.2025 ж
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен мектеп ұжымының табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, таза және жайлы орта қалыптастыру.
Акция барысында мектеп ауласы мен маңы қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді.
Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті дамытуға және оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеуге бағытталған.
