2025 жылдың 20 қыркүйегінде Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздары мен қызметкерлері «Таза ғаламшар» экологиялық акциясына белсене атсалысып, сенбілікке шықты.
Бұл шараның мақсаты – тек аула тазалығын сақтау ғана емес, жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлықпен қарауына, экологиялық сана-сезімін дамытуға ықпал ету.
Сенбілік барысында:
Мектеп аумағындағы қоқыстар жиналып, артық қалдықтар шығарылды;
Жасыл желекке күтім жасалып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ борышымыз!
