Отырар ауданы, " Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 12.04.2025ж
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілуде. Тазалықты сақтау, туған жерді көркейтуге баса мән беруде.
Табиғат баршамызға ортақ. Тазалық денсаулық кепілі. Туған елді түлету, оның таза болуы барлығымыз үшін ортақ міндет! "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде" биылғы мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектері – Айжан. Елқондиева,Гүлжамал Ерманова және Қарлығаш Мәлібекова апайларымыз туған мектебіне деген шексіз құрметін білдіре отырып, демеушілік көмек көрсетті.
Олар мектеп ауласын абаттандыру мақсатында 40 түп ерекше гүл мен 140 түп шафран гүлін сыйға тартты.
Мектеп – тек білім беретін орын емес, рух пен тәрбие ордасы.
Осындай игі істер ұрпаққа өнеге, көпке үлгі болары сөзсіз.
Мектеп ұжымы атынан апайларымызға және олардың отбасына
амандық, молшылық пен береке-бірлік тілейміз!
Жақсылықтарыңыз еселеніп өздеріңізге қайтсын!