Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

19.12.2025ж. Курсантпен кездесу өтті

Курсантпен кездесу өтті

Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де жоғарғы сынып оқушыларымен маңызды әрі тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға мотоатқыштар взводының кадеті Жайсаңбай Сәпиолла Мейрамбайұлы қатысып, оқушылармен еркін форматта сұхбат құрды.

Кездесу барысында курсант әскери өмірдің ерекшеліктері, тәртіп пен жауапкершілік, Отан алдындағы борышты адал атқарудың маңызы туралы айтып өтті. Сондай-ақ жасөспірімдерге алға мақсат қою, білім мен тәрбиеге мән беру жөнінде ақыл-кеңесін бөлісті.

Іс-шара оқушыларға патриоттық рух беріп, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар сыйлаған тағылымды кездесу болды.

Пайдалы ресурстар