Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

19.11.2025 жылы 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында жиын ұйымдастырылып өткізілді.

Отырар ауданы білім бөлімінің

16.10.2025 ж. №41-10/1319 хатына сәйкес “Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 19.11.2025 жылы 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында жиын ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараға мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары педагог-психолог, сынып жетекшілері және АПБ ЮПТ инспекторы Қапалбайұлы Бақыт: Отырар АПБ КПБ жедел уәкілі полиция лейтенанты Сапаров Ердәулет

Отырар АПБ-нің ҚҚБ-нің УПИ полиция аға лейтенанты Е.Жақанов

қатысты.

Жиын барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігі, құқықтық жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Заң және тәртіп» тақырыбындағы арнайы дайындалған слайд ,Бейне роликтер көрсету арқылы оқушыларға құқық бұзушылық дегеніміз не?, түнгі уақытта жүру ережелері, буллинг (жәбірлеу), вандализм,зорлық зомбылық сияқты маңызды тақырыптар бойынша жан-жақты ақпарат берді.Оқушыларды Заңның тәртіптік ережелерін таныстырып,жауапкершілікпен оқып білім алуға шақырды. Оқушылар өз алғыстарын білдіріп ,өздерінің көкейдегі сұрақтарына нақты жауап ала білді.

Пайдалы ресурстар