Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 15-17 желтоқсан күндері 5-11 сыныптарға тәрбие сағаттары және 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Адал азамат. Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде "Тәуелсіздікке- тұғырым" тақырыбында тағылымы мол іс-шара өтті.
Мақсаты – білім алушылардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, Тәуелсіздіктің тарихи маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы елге адал қызмет ететін, жауапкершілігі жоғары, саналы азамат тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресін патриоттық әндер, жүрекке жетерлік өлең жолдары және ұлттық нақыштағы билер арқылы жеткізді. Бұл өнер туындылары жастардың рухани-адамгершілік дүниетанымын кеңейтіп, біртұтас тәрбие қағидаттары аясында елдік сана мен ұлттық бірлікті нығайта түсті.
Аталған тағылымды басқосу жас ұрпақтың ел тарихына деген құрметін арттырып, болашаққа сеніммен қарайтын адал азамат қалыптастыруға бағытталды.
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, келешегі кемел болсын! ![]()
