Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған спорттық шара
Отырар ауданы «Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойына орай «Отырар оқушылары салауатты өмір салтын ұстанады» атты оқушылар арасында спорттық эстафета сайысы өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, ұжымдық рух пен ұйымшылдықты дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтының маңызын насихаттау болды.
Эстафета барысында оқушылар түрлі спорттық кезеңдерден өтіп, өздерінің ептіліктерін, жылдамдықтарын және командалық бірліктерін көрсетті. Сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар көтеріңкі көңіл күймен белсенділік танытты.
Шара соңында жеңімпаз топтар мен үздік қатысушыларға мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, дені сау, белсенді азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
