Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы негізінде "Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ директоры К.Мырзабекованың 27.08.2025 жылы №51 бұйрығымен бракеражды комиссия құрып, медбике, ата-аналар комитеті және мектеп әкімшілігі қатысуымен күнделікті асханаға келетін тағамдардың, даярланған астың сапасын тексеру, технологиялық құралдың сәйкестік мониторингін жүргізу мақсатында комиссия мүшелері тексеру жүргізді.
Асхананы жалға алушы Жеке кәсіпкер НҰР Тлемисова Э.Д. Асханада аспаз Ж.Мұса мен Ж.Жайымбаеваның медициналық кітапшалары бар, жұмысқа рұқсат ету мерзімі жарамды. Сонымен қатар, азық-түлікті жалға алушы аспазға жеткізіп отырады, азық-түліктердің сертификаттары бар. Тағам өнімдерінің сақтау шарттары мен тарату мерзімдері талапқа сай және өнімдер сыртқы ыдысында, арнайы көлікте уақыттылы жеткізіліп отырады. Барлық тағамдардың сәйкестік сертификаттары бар. Сақтау мерзімі жарамды.
Келісім-шарт бойынша 5-11 сынып аз қамтылған отбасы балаларынан 6 оқушы, 1-4 бастауыш сыныптарынан түгел 197 оқушылары білім қоры есебінен бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтандырады. Асханаға касса аппараты қойылған, e-ashana caйтына барлық оқушы тіркелген, күнделікті оқушылар өзінің карталарымен аппаратқа тіркеліп тамақ ішеді. Даярланған ас сапасы жақсы, СанПИН талаптарына сай. Ас мәзірі перспективалық мәзірмен сәйкес, бағасы келісім –шартта көрсетілген бағадан аспайды. Тамақтану сапасы, салмағы мен мөлшері талапқа сай. Күнделікті даярланған тағамдардың сапалылығы тексеріліп, тәуліктік ас сақталып отырады. Асхананың тамағы мен жұмыс жағдайы ата-аналар мен оқушылардың көңілдерінен шығады, олардың тарапынан шағым түспеген.
