Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

10.11.2025ж. Буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу – басты назарда!

Буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу – басты назарда!

«Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әділдік және жауапкершілік» құндылықтарын насихаттау мақсатында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізіліп, бейнеролик көрсетілді.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Кульбаев ұйымдастырды.

Кездесу барысында буллинг, әлімжеттік, қорлау және зорлық-зомбылықтың адам психикасына, қоғамға тигізер зиянды салдары туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, Түркістан облысы мектептерінде орын алған келеңсіз жағдайлар бойынша бейнероликтер көрсетіліп, олардың себептері мен алдын алу жолдары талқыланды.

Оқушыларға ұрып-соғу мен қорлау фактілеріне мүлдем жол берілмейтіні, әрбір азаматтың заң алдындағы жауапкершілігі түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушылар адамгершілік пен әділдік қағидаларын ұстанып, өзара сыйластықты сақтау қажеттілігі атап өтілді.

Жалпы 14жасқа толған балалар бұзақылыққа барса,заң алдында жауапқа тартылатындығы,жазадан құтыла алмайтындығы атап көрсетіліп балаларды әлім жеттіліктен аулақ болуға жұмылдырылды.

Пайдалы ресурстар