Түркістан облысы, Отырар ауданы «Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «АДАЛ АЗАМАТ»Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 8-11 сыныптар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кеңейтілген жиын болып өтті.Жиналысқа қатысқандар: 8-11 сынып оқушылары, Аудандық АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторы полиция капитаны Қапалбайұлы Бақыт пен Отырар аудандық полиция бөлімінің ЖҚПБ УПИ полиция аға лейтененты Жақанов Ердәулет Қанатұлы және мектеп директоры К.Мырзабекова мен ДТЖЖО Қ.Есжан психолог мамандар , 8-11 сыныптардың жетекшілері қатысты.
ЖЙЫН БАРЫСЫНДА Һ
Аудандық АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторы полиция капитаны Қапалбайұлы Бақыт оқушыларға аудан бойынша жасөспірімдер арасында орын алып жатқан келеңсіз оқиғалар мен түрлі жағдайлар туралы баяндады. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шаралар жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Ұлдар мен қыздар тәрбиесінің жұмыстарын қатаң бақылауда ұстап, жұмыстарды одан әрі ширату керектігін атап өтті. Әсіресе ұл балалардың көлік айдамауын, кешкілік сағат 10.00-ден кейін заңды өкілсіз ойын-сауық орындарында, ойын алаңдарында жүрмеуін қатаң ескертті.Көше тәртібін қатаң сақтаумен қатар зорлық- зомбылық , сабақтан кешігу, сабақтан себепсіз қалу, сабаққа қатыспай кетіп қалу 127 бап тың 1-ші бөлімі бойынша жазаға тартылатыны ескертілді. Мұндай оқиғалар орын алған жағдайда бірінші ретте «Ескерту» шарасы, екінші ретте қайталанса ата-анасына айыппұл салынып, оқушның өзі аудандық ішкі істер бөліміне есепке тіркелетіндігін жеткізілді.
Отырар аудандық полиция бөлімінің ЖҚПБ УПИ полиция аға лейтененты Жақанов Ердәулет Қанатұлы оқушыларға қазіргі қоғамдағы түрлі теріс ағымдағы діни көзқарастарға еліктемеуін, олардан сақ болуын, дүкендерден спирттік ішімдіктермен темекі сатып алу және тұтынуға қатаң тыйым салынғандығын ескертіп өтті.
Мектеп директоры К.Мырзабекова мектепке келген полиция бөлімінің қызметкерлерің жасаған түсіндірме жұмыстарына алғыс білдіре отырып оқушыларды еліміздің болашағы, адал азаматы , келешегі жастар екенін аита отырып тәртіптілік пен сауаттылыққа шақырды.
