Түркістан облысы Отырар ауданына қарасты "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММ де бүгін 08.12.2025жылы “AMANAT” партиясы Отырар аудандық филиалының қолдауымен “Ұлттық Мұра” партиялық жобасы аясында Маяқұм ауылына қарасты Ш.Уалиханов мектебінде "Даналық мектебі "клубын жүзеге асыруда "Отбасы- алтын қазық" атты кең көлемді тақырыбының бір бөлігі “Ырым-тыйым – әдептіліктің негізі” атты ерекше ашық сабақ өтті.
Ашық сабақтың басты ерекшелігі – оқушылар өз әжелерімен бірге ұлттық ырым-тыйымдарға қатысты сұрақтарға жауап берді. Көне көз әжелердің әңгімесі оқушыларға ұлттық тәрбиенің шынайы үлгісін көрсетті.
Іс-шараға арнайы шақырылған құрметті қонақтары
- “AMANAT” партиясы Отырар аудандық филиалының кеңесшісі Нұрсұлтан Боранбайұлы;
— Отырар аудандық «Ардагерлер кеңесі» жанындағы «Әжелер алқасының», “Ұлағат” БПҰ төрайымы Тұрлыбек Мейрамкүл,
— «Шуақты аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қалдан Байжұман,
— «Әділ билер» жанынан құрылған «Бибі ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мәриям Белгібай қатысып өз сөздерінде ұлттық құндылықтың, әже тәрбиесінің ұрпақ өсірудегі орны ерекше екенін атап өтті.
Ғылымға өшпес із қалдырған Шоқан Уәлихановтың, қазақ зиялыларының көшбасшысы Абайдың тәрбиесінде әжелерінің рөлі орасан болғанын мысалға келтірді.
Сонымен қатар, мұндай тағылымды шаралардың жасөспірімдер үшін маңыздылығын Нұрсұлтан Боранбайұлы атап өтті.
"Іс шара қонақтары мектеп оқушылары мен ауылдың әжелеріне өз ықыластары мен алғыстарын білдіріп,тілестерін айтып,үлгі боларлық ақыл кеңестерімен бөлісті. Іс шара сөңында мектеп тің директоры К.Мырзабекова өзінің рахметін аитып, бүгінгі жас буын — ертеңгі ел болашағы екенін, олардың тұлға болып қалыптасу жолында аянбай еңбек етуді, өз міндеті санайтындығын білдірді.
