" Адам құқығы – басты құндылық"
Мектебімізде оқушылар арасында адам құқықтары, олардың маңыздылығы және әрбір азаматтың құқығын құрметтеу мәдениеті туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға адам құқығының негізгі қағидалары, өз құқығын қорғау жолдары, сондай-ақ жауапкершілік пен өз-ара құрметтің қоғамдағы рөлі жан-жақты түсіндірілді.
Бұл жұмыс оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды.
