Түркістан облысы Отырар ауданы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"КММ нің оқушылары мектептегі " Робототехника " үйірмесіне белсене қатысып Ғылыми жобалар конференциясына жолдама алды. Шәкірттеріміз ұстаз үмітін ақтап "ХХІ- ҒАСЫР ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҒАСЫРЫ" тақырыбындағы мектеп оқушыларына , колледж және ЖОО студенттеріне жас зерттеушілер мен жас ғалымдарға арналған Халықаралық ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР конференциясының жеңімпаздары аталды. Халықаралық ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР конференциясында үш оқушы "БАС ЖҮЛДЕ" және екі оқушымыз "ЕКІНШІ ОРЫН"дипломымен марапатталды.
Екінші орын иегерлері
ТҮГЕЛБАЙ БАЛНҰР және МЫҚТЫБАЙ АЛИНҰР
Бас жүлде иегерлері
НҰРХАТ АЛДИЯР . ЖҰМАБАЙ РАУАН және ПОЛАТХАН БАЛЫМ атты шәкірттеріміз бас жүлдені бағындырды. Шәкірттердің ғылыми жетекшісі Төрегелдиева Алия ұстазымызға ұжым атынан алғыс білдіреміз.Еңбекте творчествалық табыс тілеп, отбасына қаныш, деніне саулық тілейміз.
