Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

05.02.2026ж. Математика, физика және информатика пәндерінің айлық іс-шара

Отырар ауданы "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де математика, физика және информатика пәндерінің айлық іс-шара жоспары аясында кезекті ашық сабақ өтті. Математика пәнінің тәжірибелі мұғалімі Шайманова Қарлығаш апай 9 «Ә» сынып оқушыларымен бірге «Тригонометрия формулалары» тақырыбын тереңінен қозғады.

Сабақ барысында оқушылар күрделі формулаларды есептер шығаруда қолдануды үйреніп, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдады. Заманауи әдіс-тәсілдермен өтілген сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түсті.

Бүгінгі сабақ – білім мен ізденістің тоғысқан сәті болды!

Пайдалы ресурстар