Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

05.02.2026ж. «Ғаламның ғажайып үш тірегі»

Отырар ауданы "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де математика, информатика, физика пәндері аясында ұйымдастырылған

«Ғаламның ғажайып үш тірегі» атты айлық іс-шара жоспарына сәйкес, математика пәнінің мұғалімі Сырлыбекова Гүлнар апай 6"Ә" сыныбына "Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері" тақырыбында айлық іс-шараның алғашқы ашық сабағын жоғары деңгейде өткізді.

Сабақ барысында заманауи жасанды интеллект (ЖИ) элементтері кеңінен қолданылып, оқу үдерісі талапқа сай жаңаша форматта ұйымдастырылды. Түрлі интерактивті тапсырмалар мен цифрлық мүмкіндіктер сабақ мазмұнын байытып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды.

Сабақтың ең ерекше әрі әсерлі сәті — оқушылардың әуе көліктері арқылы ұйымдастырылған танымдық саяхаты болды. Оқушылар «әуе сапарына» шығып, Қазақстанмен шекаралас жатқан елдерге виртуалды саяхат жасап, математикалық тапсырмаларды орындады. Бұл әдіс арқылы білім өмірмен ұштастырылып, оқушылардың ойлау қабілеті, елестету дағдысы мен белсенділігі айқын көрінді.

Ашық сабақ мазмұнды, жүйелі әрі қызықты өтіп, жаңашылдық пен кәсіби шеберліктің нақты үлгісін көрсетті.

Гүлнар апайға шығармашылық табыс, еңбегіне толағай жетістік тілейміз!

Пайдалы ресурстар