«Ғаламның ғажайып үш тірегі» ![]()
![]()
Ғылым – адамзат дамуының алтын арқауы. Ал сол ғылымның негізін құрайтын, ойлау жүйесін қалыптастырып, болашаққа жол ашатын басты үш тірек бар. Олар – математика, информатика және физика.
Осы орайда мектебімізде аталған пәндер бойынша айлық іс-шараның басталғанын қуанышпен хабарлаймыз. «Ғаламның ғажайып үш тірегі» тақырыбындағы бұл айлық – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, ғылыми ойлауын дамытып, шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған мазмұнды алаң болмақ.
Айлық аясында түрлі интеллектуалдық сайыстар, тәжірибелік жұмыстар, ашық сабақтар мен шығармашылық жобалар ұйымдастырылады. Әрбір іс-шара оқушыларды ізденуге, ой қорытуға, жаңашыл ойлауға жетелейді.
Математика – логика мен дәлдіктің, тәртіп пен жүйеліліктің іргетасы.
Информатика – цифрлық дәуірдің тілі, болашақ мамандықтардың бастауы.
Физика – табиғат заңдылықтарын танып-білудің, әлем сырын ашудың кілті.
Бұл үш пән бір-бірімен тығыз байланысып, оқушының жан-жақты дамуына, саналы таңдау жасап, заманауи қоғамға бейім тұлға болып қалыптасуына зор ықпал етеді.
Барша оқушыларды белсенді қатысып, өз білімін көрсетуге, ал ұстаздарды шығармашылық ізденіспен тәжірибе алмасуға шақырамыз. Ғылымға құштарлық, білімге деген сүйіспеншілік арта берсін!
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!
