Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

05.02.2026ж. «Адал азамат. Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 6–11 сынып оқушыларына арналған қыздар жиналысы өткізілді.

Отырар ауданы «Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де

«Адал азамат. Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында

6–11 сынып оқушыларына арналған қыздар жиналысы өткізілді.

Жиналысқа ДТІЖО, педагог-психологтар, мектеп мейірбикелері, тәлімгерлер және сынып жетекшілер қатысып, қыз балалардың өмірінде аса маңызды мәселелер төңірегінде ашық әңгіме өрбіді.

Кездесу барысында:

қыз баланың тәрбиесі мен мінез-құлқы,

жеке бас тазалығы,

буллингтің алдын алу,

ерте жүктіліктің салдары секілді өзекті тақырыптар қозғалды.

Жиналыстың басты мақсаты – қыздардың өзін-өзі бағалауына ықпал ету, қауіпсіз орта қалыптастыру және болашаққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Мұндай тәрбиелік шаралар жасөспірімдердің саналы, адал әрі өз болашағына бейжай қарамайтын азамат болып қалыптасуына жол ашады.

Пайдалы ресурстар