Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай іс-шара өтті.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай іс-шара өтті.

Отырар ауданы "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды.

Ауыл ақсақалдарының қатысуымен басталған шара соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл қою рәсімімен ашылды.

Отан үшін от кешкен ерлердің рухына тағзым етіліп,

ұрпақ алғысын білдірді.

Мектеп ішінде ауылымыздан шыққан батыр бабаларымызға арналған Даңқ бұрышы ашылып, жас буынға өнегелі тарих паш етілді.

Бұл бұрыш – ерлік пен елдік рухын жаңғыртатын тағылым ордасы іспеттес.

Келушілер батырлардың өмір жолымен танысып, олардың ерлігіне бас иді.

Мерекелік концертпен жалғасқан іс-шарада

әуезді ән мен жүректі тербеген жырлар шырқалып,

ел қорғаған ерлердің ерлігі дәріптелді.

Оқушылардың патриоттық тақырыптағы көріністері мен әсерлі қойылымдары көрермен көңілінен шықты.

Ата-баба аманатына адал болу – бүгінгі ұрпақтың басты парызы екені тағы бір мәрте айқын сезілді.

Ұлт ұланы – ұлы тұлға,

Ерлік мәңгі естен кетпейді!

Ұрпақ жүрегінде – рухтың шамы!

494569132 658023833806555 3662682230935818360 n