Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

06.02.2026ж. Ахметова Гүлзамира 4 "Б" сыныбына "Презентацияға арналған ақпарат" тақырыбында кезекті ашық сабағын өткізді.

Отырар ауданы "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де математика, информатика, физика пәндерінің айлық іс-шарасы аясында информатика пәнінің мұғалімі Ахметова Гүлзамира 4 "Б" сыныбына "Презентацияға арналған ақпарат" тақырыбында кезекті ашық сабағын өткізді.

Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа сәйкес ақпаратты қайдан және қалай іздеу керектігі туралы кең мағлұмат алып, браузерлердің түрлерімен танысты. Сонымен қатар, сабақта заманауи ЖИ (жасанды интеллект) элементтері тиімді қолданылып, оқушылардың қызығушылығын арттырды.

Оқушылар жаңа технологияларды меңгеріп, цифрлық сауаттылықтарын шыңдай түсті.