Ш.Уәлиханов атындағы жббм КММ.
Аталар мектебі бойынша 7-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Дәстүр ұстанудың сыры неде?" тақырыбында тағылымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараға оқушылардың аталары мен әкелері қатысып, ұлттық құндылық, шежірені білудің маңыздылығын атап өтті. Жеті атаны білу ұлттың сау ұрпақ тәрбиелеудегі алатын орнын баса айтып өтті. Сонымен бірге ұмытылып бара жатқан түрлі дәстүр ұстанудың сырын балаларымызға жеткізе білді. Оқушылар қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-санасының тәрбиелік мәнін ұғынып, дәстүрдің ұлт болашағы үшін қажетті рухани қазына екендігін сезінді.
Қорыта айтқанда "Дәстүр ұстанудың сыры неде?" тақырыбындағы іс-шара жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, ата-баба мұрасын құрметтеуге, салт-дәстүрдің маңызын тереңінен түсінуге үлкен мүмкіндік берді.
Іс-шара қонақтары мектеп әкімшілігіне, оқушыларға, сынып жетекшілер Сағындық Ұ, Асылбек Н, Нәлібаева М апайларға өз ықыластары мен алғыстарын білдірді.
Ендеше ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, оны келер ұрпаққа аманат ету- баршамыздың қасиетті борышымыз. Тамыры терең елдің ғана тұғыры биік болмақ





