Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

11.02.2026ж. Арғынов Мерей 9 «А» сыныбында «Тригонометрия формулалары. Келтіру формулалары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Математика, информатика, физика пәндерінің айлық іс-шарасының жоспарына сәйкес математика пәнінің білгір маманы Арғынов Мерей 9 «А» сыныбында «Тригонометрия формулалары. Келтіру формулалары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, заманауи талаптарға сай өтті. Ұстаз ЖИ элементтерін тиімді қолданып, түрлі цифрлық платформалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыра білді. Оқушыларды үш топқа бөліп, жарыс түрінде жұмыс ұйымдастыру арқылы барлық оқушыны сабаққа белсенді қатыстырып, ынталандырды.

Сабақ барысында білім алушылардың логикалық ойлауы, ізденісі мен шығармашылық қабілеті дамып, теория мен практиканы ұштастыра білуге үйренді.

Жаңашыл әдіс-тәсілдерді шебер қолдана білген, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын әріптесімізге шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз!