Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Бірлігі жарасқан ел - мәңгілік ел» атты мерекелік концерт

«Бірлігі жарасқан ел - мәңгілік ел» атты мерекелік концерт

«Бірлігі жарасқан ел - мәңгілік ел» атты мерекелік концерт

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, 30.04.2025ж Отырар ауданы "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Бірлігі жарасқан ел - мәңгілік ел» атты мерекелік концерт өтті.

Бұл шараның басты мақсаты – көпұлтты Қазақстанда өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің достығын, татулығын, бірлігін жас ұрпақтың жүрегіне сіңіру, оларды отансүйгіштікке, бейбітшілік пен ынтымаққа баулу болды.

Балғын бүлдіршіндер жүрекпен орындаған әндерімен, мың бұралған билерімен, мәнді қойылымдарымен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әрбір өнер туындысы – бейбіт елдің бақытты балалық шағын, ел ішіндегі татулық пен ынтымақты айшықтап тұрды.

Бұл концерт – тек мерекелік іс-шара ғана емес, бала жүрегінен шыққан бейбітшілік үнінің шынайы көрінісі болды. Олар кішкентай болса да, үлкен мағынадағы достық пен бірлікті өз өнері арқылы паш етті.

Бірлік бар жерде – тірлік бар!

Бейбіт күннің қадірін білуге тәрбиелейтін осындай игі шаралар еліміздің келешегі жарқын, ынтымағы мығым болуына негіз қалайды.

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бала жүрегіндегі бейбітшілік – ел ертеңінің жарқын нышаны!494569132 658023833806555 3662682230935818360 n