BILIMDI OQÝSHY – білімді ұрпақтың жарқын алаңы! ![]()
![]()
Отырар ауданы Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде
«Брендтік бейне – бірегей мектеп» жобасы аясында
жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған
«BILIMDI OQÝSHY» зияткерлік олимпиадасы жоғары деңгейде өтті.
Олимпиада барысында
5-сынып оқушылары математика, информатика, тарих және жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін сынап,
логикалық ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін және ғылыми танымын көрсетті.
Білім додасына
Ш. Уәлиханов, С. Мұқанов, Ғ. Мұратбаев мектептерінің
білімді де талапты оқушылары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
«BILIMDI OQÝSHY» – бұл жай ғана сайыс емес,
білімге құштарлықты, табандылық пен зияткерлікті қалыптастыратын маңызды алаң.
Жеңімпаздар
І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен,
арнайы номинациялар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға сәттілік,
ал жеңімпаздарға жарқын жетістіктер тілейміз!
Білімді ұрпақ – ел ертеңі! ![]()





