Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің символы! ![]()
Отырар ауданы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де 24.10.25ж "25 қазан – Республика күніне" арналған мерекелік іс-шара деңгейде өтті.
Мерекелік жиында оқушылар елімізге деген сүйіспеншілігін жүрек жарды жырлармен, әсерлі қойылымдармен, күмбірлеген күй мен әсем әндер арқылы паш етті. ![]()
![]()
Іс-шара барысында мектеп президенті мен фракция мүшелерін ұлықтау рәсімі өткізіліп, жас көшбасшылар ресми түрде таныстырылды. Бұл – оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды сәт болды. ![]()
Сонымен қатар, мерекеге орай республикалық “Everest” баспасынан мектебіміздің спортта жетістікке жеткен оқушыларына «Жыл үздігі» төсбелгісі, олардың ата-аналарына мақтау қағаздары, ал мектеп директорының атына алғыс хат табысталды. ![]()
![]()
Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегіне қуаныш сыйлайтын ұлық мереке!
Бірлігіміз жарасқан, Тәуелсіз еліміздің туы мәңгі желбірей берсін! ![]()





