Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 19 қаңтардағы №05-1-05/7839-И хатының және облыстық Білім басқармасының тапсырмасына сәйкес,Отырар ауданына қарасты "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММ де 2025 жылдың 20-24 қарашасында (Дүниежүзілік балалар күніне орай) 7-11сынып оқушылары үшін «Заң мен тәртіп – бейбітшілік пен әділдікке бастайтын жол» тақырыбында мазмұндама жазу жұмысын жалғастырып ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға заң талаптарын құрметтеу, құқықтық сауаттылықты арттыру, әділдік пен жауапкершілік ұғымдарын түсіндіру, бейбіт өмірдің бағасын ұғындыру арқылы оларды адал, парасатты азамат ретінде тәрбиелеу.
Мазмұндама барысында оқушылар заңға бағынудың маңыздылығы, құқық пен міндеттің өзара байланысы, қоғамдағы тәртіп пен тыныштықтың адам өміріндегі рөлі туралы өз ой-пікірлерін еркін жеткізді. Шығармаларында олар әділеттілік, адам құқығы және заң алдындағы теңдік туралы толғаныстарын жазып, азаматтық көзқарастарын таныта білді.





