Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі 21-3-21-4/6435-И хатына сәйкес төмендегідей жұмыс жасалды.Түркістан облысы Отырар ауданы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп "КММ де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында педагогикалық ұжыммен 23.09.2025 ж сағ 10-00де жиын болып өтті. Жиында ДТЖЖО Гани Кульбаев баяндама жасап түсіндірме жұмыстарын өткізді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру болып табылды. Осыған орай мектебімізде педагогтерді әлеуметтік желілердің теріс әсерінен қорғау,оқушылардың саналы өмір сүрулеріне, қауіпсіз өмір сүрулеріне жағдай жасау үшін бірге жауапты екенімізді,бұл біздің ортақ мақсатымыз екенін еске салып өту. Бұл қоғамның ортақ мәселесі, әрқайсымыздан сақтықты талап ететіні ескертілді.





