Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

22.09.2025 жыл" Ақпараттық түсіндіру күні." апталықтың ашылуы болып өтті.

"Адал азамат" біртұтас тәрбие.

Отырар ауданының білім бөліміне қарасты " Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" КММ.

Отырар ауданы білім бөлімі Білім басқарма басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Ғ.Орыновтың 08.09.2025 ж хататтамалық тапсырмасына сәикес кәмлеттік жасқа толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының алдын алу мақсатында мектептегі ұйымдастырылған апталық іс шара жоспарларының жүргізілу жүмыстары бойынша мәлімет

.22.09.2025 жыл" Ақпараттық түсіндіру күні." апталықтың ашылуы болып өтті. ашылуды мектеп әкімшілігінен ДТЖЖО Қ.Есжан жасады.5- 11сыныптар аралығында "Ішкі күйзелісті- қауіпсіз шығару жолдары" тақырыбында кеңес беріліп, жиын өткізді. Сондай ақ осы күні 5-11 сыныптарға әлеуметтік педагог Б.Әбсаттардың ұйымдастыруымен Сенім мен қолдау күні " жалғасын тауып "Жалғыз емессің -біз бармыз" тақырыбында бейне жазба көрсетіліп пікір алмасты.

23.09.2025ж "Эмоцияны басқару күні"және "Өзін-өзі басқару" күні деп алынды. Бұл 10-11 сыныптар аралығында өткізілді. Мұнда менің эмоциям- менің күшім" тақырыбында трениг сабақ педагог -психолог бөлмесінде,және Өз құндылығыңды таны" тақырыбында жеке және топтық кеңес беру жұмысы педагог психолог Ұ.Абдукаримованың ұйымдастыруымен өткізілді.

24.09.2025жылы "Достық пен қарым қатынас " күні және "Ата- аналармен жұмыс" күні деп белгіленіп ,Кәсіби бағдар беруші педагог 7-8 сыныптар аралығындағы оқушыларға "Достық пен қарым -қатынас күніне орай "Қарым -қатынас ішкі күштің көзі"тақырыбында практикалық сабақ өтткізсе, Ұйымдастырушы педагог К.Мұсабаев " Жарақаттаушы сөздерден- емдеуші сөздерге тақырыбында ата аналармен дөңгелек үстел өткізді.

25.09.2025 ж "Арт- терапия күні" Мектептің уақытша тәлімгерлері Ж.Патшақұлова мен Ж.Лестің ұйымдастыруымен " Менің болашақтағы өмірім" тақырыбында 3-10 сыныптар аралығында сурет көрмесі өткізілді.

26.09.2025ж Жалпы жасалынған жұмыстарға қортынды жасалып талдау жүргізілді. Күнделікті жүргізілген жұмыстарға хаттаммалар жасалының қоса тіркелді.