Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2026 жылғы 28 қаңтар күні Дүниежүзілік сайлау күніне орай 11-сынып оқушылары арасында «Сайлау – бәрімізге ортақ іс» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараны тарих пәні мұғалімі Ахметова Ақмарал ұйымдастырды.
Сынып сағатына N 503,504 сайлау учаскесінің мүшелері мен Отырар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А. Дүйсенханов қатысып, оқушыларға сайлаудың қоғамдағы маңызы, азаматтық жауапкершілік, өз құқығын саналы түрде пайдалану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сайлау жүйесі мен демократиялық құндылықтар жөнінде түсінік қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын дамыту.
Сабақ барысында жоғары сынып оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Еркін форматта өткен сынып сағатында саяси науқанның әділ әрі ашық өтуінің маңыздылығы кеңінен талқыланды.
Бүгінгі оқушылар – еліміздің ертеңгі саналы әрі жауапты жас сайлаушылары. ![]()





