Түркістан облысы Отырар ауданы. "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММ-де 2025ж 8- қыркүйек күні 1-11сыныптар аралығында Отырар ауданының білім бөлімі,Түркістан облысы полиция департаментінің 2025жылдың 3қыркүйектегі номері 25/5503 сынды хатын басшылыққа алып,білім беру ұйымында мектеп мұғалімдері мен мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының апталық тәрбие сағаттарында жол ережесі туралы оқушыларға түсіндірме жұмыстар мен қосымша жол ережелері туралы таныстыру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында боямалы көрнекіліктерді пайдалана отырып, әр жол ережелерінің белгілеріндегі шарттарды меңгерту.Білім алушыларды жол қауіпсіздігіне мұқият болуға жұмылдыру мақсатында сынып сағаттарында түсіндіру шаралары жүргізілді.





