Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

2025ж 4 қыркүйек күні 5-7 сыныптар аралығында "Қаламгер"қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен "Тіл-достықтың кепілі" тақырыбында мектебімізде тіл мерекесі тойланып өтті.

Түркістан облысы Отырар ауданы. "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММ-де 2025ж 4 қыркүйек күні 5-7 сыныптар аралығында "Қаламгер"қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен "Тіл-достықтың кепілі" тақырыбында мектебімізде тіл мерекесі тойланып өтті. Мерекелік іс-шарада үш тілді қамти отырып ,тақпақтар аитылып,ән шырқалып, би биленді. Жұмбақтар жасырылып,жаңылтпаштарды мүдірмей қайталау арқылы оқушыларды ойшылдылық пен шапшаңдыққа тәрбиеледі. Оқушыларға ЖИ программасы арқыл ақын жазушылардың еңбертерімен таныстыра білді. Мерекелік іс-шара соңында қылқалам шеберлерінің еңбектері арқылы мемлекеттік тілге құрмет көрсетіліп, барша Қазақстан халқын тіл мерекесімен құттақтаумен аяқтады.