АЛТАНАТТЫ ЖИЫН
Бүгінгі мектептің басты мақсаты – жас ұрпақты елін сүйетін, Отан алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін, білімге құштар, еңбекқор, рухы биік, белсенді азамат етіп тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарды қастерлей отырып, жалпыадамзаттық тәрбиені бойына сіңірген тұлға қалыптастыру – білім ордасының маңызды бағыты.
Осы мақсатта Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де Бірыңғай «Жас Ұлан» – «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 2 және 5 сынып оқушыларын қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті.
Бұл іс-шара – жас жеткіншектердің елге адал қызмет етуге жасаған алғашқы қадамы, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рухты қалыптастырудың жарқын көрінісі.
Жас қырандар мен жас ұландарға сәттілік, биік мақсат пен жарқын болашақ тілейміз!





