Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММде "Оқитын сынып" жобасы аясында аймақтық семинар болып өтті. Семинар "Адал азамат"біртұтас тәрбие бағдарламасының "Балалар кітапханасы" жобасын жүзеге асыру және тәжірибеге енгізу мақсатында ұйымдастырылып өткізілді. "Оқитын сынып"жобасына 7"Б" сынып оқушылары қатысып, өз белсенділігі мен шеберліктерін толықтай көрсете білді. Семинар бағдарламасы Ашылу сәтінен бастап, ұйымдастырылды."Оқитын сынып" жобасы аясында кітапхана маманының "Оқырман күнделігі" оушылар күнделікті оқыған шығармалары туралы жазба жүргізілді. Сауалнамалар алынды."Кел балалар оқылық" атты күн сайын 20мин оқу сағатын өткізу жүргізілді. Арада "Көңілді үзіліс" жобасы өткізілді.
Семинарда С Бегалиннің туғанына130 жыл толуына орай "Балалар әдебиетінің бәйтерегі" кітап көрмесі ұиымдастырылды кітаптарына библиографиялық шолу мен сынып сағатын өткізді. Семинар соңында мектебімізде жазушының шығармашылығына еліктеу мақсатында "Мен жазушымын" атты шығармашылық сағатын өткізумен аяқтады.





