Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде күзгі әскерге шақыру науқаны аясында 10-11 сынып оқушыларымен «Әскерге шақыру тәртібі» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушыларға әскерге шақырудың жаңартылған тәртібі мен жаңа заңдағы өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.
Жаңа заңға сәйкес енгізілген басты өзгерістер:
- Әскерге бару уақытын шегеру мүмкіндігі
- Әскери есептің автоматтандырылуы
- Патриоттық тәрбие мен әскери дайындықтың күшеюі
- Жоғары білім алуға берілетін жеңілдіктер
Бұл шараның басты мақсаты – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және болашақ сарбаздарға дұрыс бағыт-бағдар беру.





