Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

17.01.2026ж. 16.01.2026 ж «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында абаттандыру және тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Отырар ауданының Ш. Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де 16.01.2026 ж «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында абаттандыру және тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп ұжымы арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру, тазалықты сақтауға баулу және қолайлы орта қалыптастыру.

Акция барысында мектеп ауласы мен оған жақын аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Осындай игі бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатты аялауға және ұқыптылыққа тәрбиелеуге ықпал етеді.