Отырар ауданы «Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де
«Адал азамат. Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында тағылымы мол кездесу өтті.
ҚББП Ж. Айтжанованың, мектеп тәлімгерлерінің және оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен
«Бүгінгі оқушы – ертеңгі маман иесі» тақырыбында мектеп түлектері болып табылатын, бүгінде түрлі оқу орындарында білім алып жүрген студенттермен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, өмірлік тәжірибемен бөлісу, адал еңбек пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, болашаққа деген сенімін арттыру.
Кездесу барысында түлектер өздерінің студенттік өмірі, оқу барысындағы қиындықтар мен жетістіктері туралы әңгімелеп, дұрыс таңдау мен табандылықтың адам өміріндегі маңызын атап өтті. Оқушылар көкейіндегі сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандықтары жайлы ой түйді.
Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақты адал азамат болып қалыптасуға, саналы таңдау жасауға және ел болашағына үлес қосатын білікті маман болуға жетелейді.





