Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

14.10.2025 ж. "Тарихқа саяхат" атты көрме

Құт мекенім – Отырар" апталығы аясындағы іс-шаралар

14.10.2025 ж. Отырар ауданы білім бөлімінің №41-10/1178 хатына сәйкес, "Құт мекенім – Отырар" тақырыбында "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" КММ-де Отырар ауданының 90 жылдығына орай 2025 жылдың 13–17 қазан аралығында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.

13.10.2025 ж. мектеп ұжымы мен оқушылар арасында апталықтың таныстырылымы өткізіліп, жоспарланған іс-шаралар мазмұны таныстырылды.

14.10.2025 ж. "Тарихқа саяхат" атты көрме ұйымдастырылып, көрме бойынша танымдық таныстырылым өткізілді. Көрмеге Отырар тарихын айғақтайтын кітаптар, көне жәдігерлер мен тарихи материалдар қойылып, қатысушыларға ауданның бай мәдени мұрасы туралы мағлұмат берілді.

Апталық аясындағы келесі күндері әдеби кештер, шығармашылық байқаулар және спорттық сайыстар өткізіліп, оқушылардың білімін, өнерін және туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын таппақ.

Бүгінгі 15.10.2025ж Эссе жазу байқауындағы жеңімпаздарды анықтауға мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мамандары қатыса отырып,жеңімпаздарды анықтады. Эссе байқауында 9-сынып оқушысы Жақсылыққызы Жансая оқ бойы озық шығып, 1-орынды иеленді. Келесі жүлделі орындарды Мүсілім Еркеназ бен Алтынбек Іңкәр жеңіп алды.