үркістан облысы Отырар ауданына қарасты "Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММ де бүгін 11.12.2025жылы "Деналық клубы" Аталар мектебінің ұйымдастыруымен ауыл қарияларымен 5сынып оқушылары кездесіп "Тағылымдық сабақ" өткізілді.Сабаққа Отырар ауданының және ауылдың ардагер ұстазы Мырзабеков Түгелбай ата Мектеп қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алдияров Исахан ағай, Ауыл қариясы Маханов Шүкірхан аталалар, Сынып оқушыларының әкелері қатысып өз сөздерінде ұлттық құндылықтың, "Шежірені білудің қандай маңызы бар?" Тақырыпта тәрбиесінің, шежірені білудің, ұрпақ өсірудегі орны ерекше екенін атап өтті. Қазақ ұлтынан ғылымға өшпес із қалдырған сонау көне көз қариялардың даналығы тәрбиедегі орыны орасан зор болғанын мысалға келтірді. Мысалы Ата салтын сақтау. Жеті атасын білу деген қазақ ұлтының өмірге дені сау ұрпақ әкелуіне ықпал етеді. Өзге ұлт өкілдерінде мұндай салт дәстүр жоқ. Сондықтан қан тазалығына мән берілмегендіктен мүгедек балалардың туылуы көп болады.
Сонымен қатар, мұндай тағылымды шаралардың жасөспірімдер үшін маңыздылығын білу, әр бір ұрпақ үшін маңызды екенін атап өтті.
"Іс шара қонақтары мектеп оқушылары мен мектеп әкімшілігіне сандай ақ ұйымдастырушы сынып жетекшілері Сатыбалды Ақнұр мен Ақпанова Перизаттарға өз ықылас тары мен алғыстарын біл діріп,тілектерін айтып,үлгі боларлық ақыл кеңестерімен бөлісті. Іс шара сөңында мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Есжан өзінің рахметін айтып, бүгінгі жас буын — ертеңгі ел болашағы екенін, олардың тұлға болып қалыптасуына аянбай еңбек ететіндіктеріне сенім білдірді.





